"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" тас жолы талапқа сай келмейді

824

Жол мамандары 431 сынама алған.

"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" тас жолы талапқа сай келмейді Фото: inbusiness.kz

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" мамандары ондағы  төселген 363 шақырым жолдың 254 шақырымына сараптама жүргізген. Нәтижесінде, оған қолданылған асфальттің тығыздығы, су өткізгіштігі мен жолдың тегістігіне қатысты кемшіліктер көптеп анықталыпты.

-           431 сынама алынды. Ол егер 100 процент болатын болса, оның 30 проценті нормативтік-техникалық құжаттамамен және де жобаның талаптарымен сәйкес келмейді. Біз тапсырыс берушіге жол құрылысы кезінде кеткен кемшіліктер жөнінде құжаттарды жібердік. Қалпына келтіру жұмыстарын жасайды енді-дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облысы филиалының сарапашысы, Дулат Асан.

Аталған күре жолды жөндеу 6 жыл бұрын басталған еді. Ол үшін мемлекеттен 161 миллиард теңге қаржы бөлінген. Алайда, сағызша созылған құрылыс әлі бітер емес. Енді оны салу кезінде кеткен қателіктерді  қайта қалпына келтіру үшін тас жол құрылысы тағы созылуы мүмкін-дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу