Талдықорған мен Үшарал бағытындағы әуе рейсі қайта жанданды

519

9 қаңтардан бастап "Талдықорған-Үшарал" бағыты бойынша күнделікті әуе рейстері қайта жанданды.  

Талдықорған мен Үшарал бағытындағы әуе рейсі қайта жанданды Фото: gov.kz

Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, бір ересек адамға авиабилеттің құны - 8000 теңге, балаларға - 4000 тг.

Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласуға болады:

  • Талдықорған қаласында: 8 (7282) 41-60-56, 8(7282) 41-23-45
  • Үшарал қаласында: 8 (728 33) 3-48-20

Билеттерді кассалардан және онлайн режимде https://online.eflysoft.kz сілтемесі бойынша сатып алуға болады.

Облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша, өткен демалыс маусымында Алакөл жағалауында 1,5 млн. адам демалса, осы жылғы жаз мезгілінде бұл көрсеткіш ұлғая түседі деп жоспарланып отыр. Туристер легінің артуына аталған әуе рейстері мен маусымдық кезеңде іске қосылатын пойыз қатынасы үлкен септігін тигізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу