Талдықорған қаласының орталығында досын ерекше тәсілмен құттықтамақ болған бір топ жас отшашу атқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының камералары арқылы анықталған.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 23 жастағы жергілікті тұрғынды жедел анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбауға, тұрғындардың тыныштығын сақтауға және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу