Талдықорған-Өскемен тасжолының құрылысы бір айдан кейін басталады

866

Талдықорған-Өскемен тасжолының құрылысы бір айдан кейін басталады

Талдықорған-Өскемен тасжолының құрылысы бір айдан соң басталады деп жоспарлануда.

Бұл жөнінде  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысының жетісулықтармен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Аталған жол құрылысы бойынша талдықорғандық тұрғынның сұрағына жауап берген министр, алдымен Талдықорған-Аягөз бағыты бойынша жөндеу жұмыстары басталатынын айтты. Одан кейін жол құрылысы Өскеменге дейін жалғасады.

Сондай-ақ ол Үшарал-Достық жолы жөнделетінін жеткізді. Айта кету керек, Алматы-Талдықорған тасжолы толықтай жаңа талапқа сай етіп жаңартылуда. Аталған жоба аяқталуға жақын. Қазір Талдықорған мен Көксу ауданындағы аралықта  жолдың құрылысы жүріп жатыр. Халық Алматы мен Талдықорған арасына бұған дейін көлікпен кемінде  5 сағаттан астам уақыт жүрсе, қазір 2-2,5 сағаттың ішінде жетуге мүмкіндік туды. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында аталған жоба бойынша тас жолдың 245 шақырымы жаңартылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу