Талдықорған тұрғыны өз үйінде есірткі сатқан

370

Есірткі сатумен айналысқан Талдықорған тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдықорған тұрғыны өз үйінде есірткі сатқан

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұстау операциясына Ұлттық Ұлан сарбаздары мен кинологтар тартылған. Талдықорған қаласының 45-жастағы тұрғыны ұсталды, ол "Болашақ" шағын ауданындағы өзінің пәтерін есірткі саудалайтын орынға айналдырған. Ер адам шамамен 14 грамм марихуананы сату кезінде ұсталды.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерінен синтетикалық есірткіге жататын 83 грамм "Пирролидин" табылды. Бұған қоса тінту кезінде полицейлер атыс және травматикалық қаруының оқ-дәрілерін тапты.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу