Талдықорған тұрғынынан 2,5 келіге жуық гашиш табылды

438

Есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылды.

Талдықорған тұрғынынан 2,5 келіге жуық гашиш табылды Фото: polisia.kz

Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйіндегі еден астынан полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм гашиш табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымынан 28 келі түрлі есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 21 келі аса марихуана, 4 келі аса гашиш және 2 келі 40,59 грамм “синтетика”.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу