Талдықорған қаласы тұрғынының азық-түлік пакетінен мылтық табылды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары қаруланған әйелді Қаратал өзенінің жағасында ұстады. Қысқа ұңғылы аңшы мылтығы оның азық-түлік пакетінде болған.
"Мылтықта оқ болмаған және оны тот басқан. Ұсталған азаматша өз айғағында мылтықты жағадан тапқанын және оны металл сынықтарға тапсыруды жоспарлағанын түсіндірді. Қазір қарудың атысқа жарамдылығын анықтау үшін қару сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.
Жетісу облысында екі күн ішінде заңсыз айналымнан 8 бірлік атыс қаруы тәркіленді.