Жетісу облысы елімізде алғашқы болып Талдықорған қаласында үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп психоневрологиялық аурулары бар науқастарға арналған 50 орындық стационарлық орталық ашты.
Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, "Қамқорлық" қорымен бірлесіп аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және Алакөл, Панфилов, Сарқан, Қаратал аудандарында әрқайсысы 30-50 орын болатын балаларға арналған Оңалту бөлімшелері іске қосылған. Соның ішінде биыл Алакөл жағалауында мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы демалыс үйі ашылады.
Сондай-ақ келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.