Талдықорғанда 160 млн теңге ысырап бола жаздады

746

Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдықорғанда 160 млн теңге ысырап бола жаздады Фото: canva.com

Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар салған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізуге кеткен шығыстарды қосып жіберген.

Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына көрсетілген сома мен жұмысты алып тастау арқылы түзету енгізілді.

"Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – дейді прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу