Талдықорғанда 24 жастағы жүргізуші көшеде дрифт жасағаны үшін жазаланды

273

Тәртіп бұзушылық бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында анықталды.

Талдықорғанда 24 жастағы жүргізуші көшеде дрифт жасағаны үшін жазаланды Фото: gov.kz

Талдықорғанда BMW жүргізушісі қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Құқық бұзушылық бейнебақылау камералары арқылы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері камералардағы жазбаларды бақылау кезінде көліктің қауіпті маневрлер жасағанын байқаған.

Полиция жедел шаралар қабылдап, жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Апаттық жағдай туғызғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Полиция жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда дрифт жасау және қауіпті маневрлерге бару жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін екенін ескертті. Мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу