Алматы облысы Талдықорған қаласында 1,8 млрд теңгеге 46 км газ құбыры тартылды. Бұл туралы қала әкімі Бағдат Карасев халықпен кездесу жиынында мәлім етті.
Газ тарту мәселесі есеп беру кездесуінің ең маңызды тақырыбына айналды. Бағдат Карасевтің айтуынша, Талдықорғанды газдандыру 4 кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең аясында өткен жылы 3 кешен мен 94,0 газ құбыры тартылды. Бүгінгі таңда 1,8 млрд теңгеге 46,0 км желі салынды.
"Бірінші кезең қаланың орталық бөлігін қамтиды. Талдықорған тұрғындарына жаңа жанармай жеткізіледі", – дейді әкім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу