Талдықорғанда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының Суперкубогі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың бірінші күнінде "Алтай" қыздары "Алматы" командасын (25-23;20-25;25-19;25-21) есебімен оңай жеңді.
Екінші матчта "Жетісу" "Ертіс-Казхром" командасын 3:1 (25-15;22-25;25-21;25-18) есебімен ұтты.
Бүгін "Жастар" спорт кешенінде "Алтай" "Ертіс-Казхром" командасымен кездеседі. Ал "Алматы" құрамасы "Жетісу" командасына қарсы ойнайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу