Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2 қазанда Талдықорған тұрғыны полицияға жүгінген. Ол күйеуінің денесіне жарақат салғанын және өзіне қауіп төндіргенін айтқан.
Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, ер адамды ұстады. Одан пневматикалық қару тәркіленді.
– Дене жарақатын салу және қорқыту фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.
Дәрігерлер тексергеннен кейін әйел 1 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Онда оларға қажетті көмек көрсетілді. Құқық қорғау органының мәліметінше, бұған дейін бұл әйелден полицияға ешқандай арыз түспеген.
Оқиғаның егжей-тегжейі әлеуметтік желіде видео жарияланғаннан кейін белгілі болды. Кадрлар, болжам бойынша, жеке үйдің ауласында түсірілген. Видеода жартылай жалаңаш ер адамның әйелді қуып жүргені көрінеді.
Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр. Оқиғаның мән-жайы қылмыстық тергеу аясында анықталып жатыр.