Талдықорғанда атыс кезінде бүтін бір отбасы қаза тапты

1172

Бүгінде бұл дерек негізінде полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Талдықорғанда атыс кезінде бүтін бір отбасы қаза тапты

Талдықорғанда атын кезінде көлікте отырған 3 адамға оқ тиген. Олар көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

"8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов, оның жұбайы Алтынай Ертаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай Оразыхан Toyota көлігіне отырып, үйіне бара жатқан. Олар жақын маңда тұратын достарының үйіне барған. Жолға шамамен 3 минут кеткен. Бұл күні өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, коменданттық сағат 20:00-де басталды. Бұл туралы көптеген тұрғын білген жоқ. Өйткені оларда интернет болмаған, ал жергілікті телеарналар бұл ақпаратты хабарламаған", - деді қаза тапқан отбасының туысы Дастан Ахметжанов. 

Ол әпкесі мен оның күйеуі кешкі сағат 21:00-де үйге келуі керек болғанын айтты. Бірақ олар үйге қайтпаған.

Туыстарының мерт болғаны туралы ақпаратты Дастан Ахметжанов ертеңінде білген. Ол туыстарының телефонына қоңырау шалған, бірақ ешкім тұтқанын көтермеген. Жиеніне де хабарласқан. Одан да жауап болмаған. Кейін жиініне хабарласқан кезде тұтқаны тергеуші алып, жақындарының денесі көліктен табылғанын айтқан.

Бүгінде полиция Қылмыстық кодекстің 451-бабы "Билікті асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу