Талдықорғанда автобустар алмай кеткен оқушы тоңып қалған

309

Әлеуметтік желіде автобус алмай кетіп, жылап тұрған оқушының бейнежазбасы тарады. Талдықорғандық желі қолданушылары наразылығын білдірді.

Талдықорғанда автобустар алмай кеткен оқушы тоңып қалған Фото: Бейнежазбадан

Оның себебін ата-аналар Талдықорған қаласы бойынша оқушылардың тегін "Оңай" картасын пайдалануымен байланыстырады.

"Менің мектеп жасында 3 балам бар. Кейде үйге кешігіп келеді. Қайда жүргенін сұрасам, автобустар тоқтамайтынын айтады. Рас, ол. Үлкендер бірге тұрсақ тоқтайды, аялдамада өздері ғана болса, алмай кетеді. Себебі олар ақша төлемейді ғой. Қыс басталды, міне күн суытты. Қараңғы ерте түседі. Автобустағылар енді олай жасамайтын шығар", – деді қала тұрғыны Жанар Скиндирова.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаны түсірген қала тұрғыны оқушыны "Жұлдыз" шағын ауданы жақтағы аяладамада кезіктірген. Жылап тұрғанын байқап, мән-жайды сұраған. Бала 2 автобустың тоқтамай кеткенін, суықта қатты тоңғанын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу