Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жүріп жатыр

1088

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жүріп жатыр

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда. Жабық режимде өтетін сот отырысында тараптар жарыссөзге шығады. Бақытбек Есентаевтың қорғаушыларының бірі Мұхтар Мырзатай бүгінгі сот отырысына Баян Мақсатқызының да келетінін айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Айта кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталған болатын. Алғашқы  тыңдалымға  Баян Мақсатқызы қатысты. Ол өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіргенін  айтып,  бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін деген пікірлерін білдіруде. Ал процестің бір ерекшелігі бұл жерде алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды. 

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Есентаевтардың отбасында болған жағдай қалың жұрттың жағасын ұстатты. Бақытбек Есентаев өзінің 20 жыл бойы отасқан әйелін пышақтап, ауруханадан бір-ақ шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу