Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Ата-ана баласын тәрбиешінің ұрғанын айтып шағымданған.
"Оқиға 26 қыркүйекте таңғы 10-да болған. Ата-ана жағдайды анықтау үшін полиция қызметкерлерін шақырып, осы топтың бейнебақылау камералары қаралды. Қазіргі уақытта тәрбиеші Еңбек кодексінің 52-бабы 14, 24-тармағы бойынша жұмыстан шығарылды", – дейді білім бөлімі.
Қазіргі күні Талдықорған қаласының білім бөлімі балабақша қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал Жетісу облысының прокуратурасы бұл оқиғаны бақылауға алды.
"Бұл факт Талдықорған полиция басқармасына бағытталды. Оқиға облыс прокуратурасының бақылауында", – деп хабарлады Жетісу облысының қадағалау ведомствосы.