Талдықорғанда балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңгені құмар ойынға салған

575

Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі бюджет қаражатын құмар ойындарға салып отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Талдықорғанда балалар ауруханасының есепшісі 116 млн теңгені құмар ойынға салған Фото: otinish.kz

Ол қызметкерлерге тиесілі жалақы мен зейнетақы жарналары мен дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаражатты 1 жылдан астам уақыт бойы алдымен өзіне аударып, одан кейін букмекерлік кеңсеге жіберіп тұрған.

"Жетісу облыстық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің тергеп-тексеру нәтижесінде 28 жастағы маман 116 млн теңгені қолды қылғаны анықталды", - деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда аурухана қызметкерлерінің міндетті төлемдері мемлекет есебінен толық қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу