"Анасы жақында қайтыс болған": Талдықорғанда баланың денесін үтікпен күйдірген

3619

Жетісу облыстық балалар омбудсмені Ермек Молдақұлдың айтуынша, зардап шеккен бала мен оның әпкесі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бір айға жуық болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Анасы жақында қайтыс болған": Талдықорғанда баланың денесін үтікпен күйдірген Фото: kaznews.kz

Әзірге балаға нақты кімнің қатыгездік жасағаны және оның жасы нешеде екені белгісіз.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің анасы жақында қайтыс болған. Ал полиция бұл фактіні анықтап жатыр.

"Ананың қайтыс болуына байланысты қорғаншылық органдарымен тиісті құжаттар әзірленіп, кішкентай балалар әжесіне берілді. Қазіргі таңда Талдықорған қалалық полиция бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.  Балалардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты әрекеттер бақылауда", – деп жазды Модақұлов Instagram парақшасында.

Бұған дейін Талдықорғанда полицейлер жергілікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балалардың азапталуы туралы арыз бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. 

Қазақстандық әйел апелляциялық шағымына 9 жасар әпкесімен бірге Талдықорғандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында екі айға жуық жатқан 7 жасар баланың денесін күйік шалған фотосуреттерді қоса берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу