Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

804

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді Фото: google

Жетісу облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ол Білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар болып табылады және соттың санкциясымен қамауда ұсталуда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталмайынша, әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу