Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы жымқырған

555

Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңге.    

Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы жымқырған Фото: yandex.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

"Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдіктенеді.

Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды", делінген Антикор хабарламасында.

Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу