Талдықорған маңындағы Сарыарқа саяжайының 3 тұрғыны пештен шыққан түтінге уланып, көз жұмды. Марқұм болғандардың барлығы бір үйдің адамдары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"ТЖД-не осы оқиға жайлы ақпарат 9 қаңтар күні 17 сағат 22 минутта келіп түсті. Пештен шыққан түтінге уланып әкесі, екі баласымен мерт болды. Ал анасы ауруханада жатыр", – деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Ведомства өкілінінің айтуынша, қазір ТЖД қызметкерлері саяжайлардағы әр үйді аралап, пешті пайдалану жөнінде қауіпсіздікті түсіндіріп, сақтық шараларын күшейтуге кіріспек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу