Талдықорғанда бұрынғы полиция бастығының қыз зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды

523

Сот отырысы 28 ақпанда басталғаны белгілі болды. 

Талдықорғанда бұрынғы полиция бастығының қыз зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды Фото: gov.kz

Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Құштабаевқа қатысты сот отырысы 28 ақпанда басталғаны белгілі болды. Процесс жабық өтіп жатқаны айтылады. Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу