Жетісу облысында мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген 2 қызметкер, техникалық қадағалаудың 2 қызметкері ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, олар Талдықорғанда коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді.
"Жұмыстарды нақты орындамай, олардың мердігерге 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын төлегені анықталды. Осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.