2024 жылдың бірінші күні әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде түсірілген жаппай төбелестің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видеоға қатысты облыстық полиция департаменті жауап берді. Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде емес, бірнеше күн бұрын болғаны белгілі болды.
"Аталған факт 29 желтоқсанда Талдықорған қаласында тіркелді. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жанжалға қатысушыларды қалалық әкімшілікке жеткізді", - деп хабарлады Жетісу облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық полицейлер жаппай төбелес салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
"Мекеме әкімшілігі, сондай-ақ қатысушылар бір-біріне жазған арыздарынан бас тартты", - деп толықтырды Жетісу облысы ДПД баспасөз қызметі.