Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында мас хәлде науқас қабылдаған дәрігерді видеоға түсіріп алған автор ақ халаттыдан "массыз ба ?" деп бірнеше рет сұраған. Бірақ азамат жауап бермеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар хирургының жұмыс орынында ішімдік ішкенін растады.
"Оқиға 30.05.24 күні кешкі уақытта болған. Қызметкердің алкогольдік масаң күйде екені анықталып, Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетілді. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылды" - деді, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу