Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың анасы мен өгей әкесі ұсталды

1841

Талдықорғанда қарашадан бері мектепке бармай, із-түзсіз кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ.

Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың анасы мен өгей әкесі ұсталды Фото: canva.com

Полиция оның ата-анасын қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"14 жасар қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен Тиктокта шағымданған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды" - деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінен. 

Ведомство қандай баппен іс қозғалғанын, күдіктілер қызды өлтірді ме, әлде басқа қылмыс жасады ма  - ол жағын нақтылаған жоқ. 

Айта кетейік, мұның алдында қыздың өгей әкесі видео түсіріп, полиция әйелін ұстап әкетіп, ұрып-соққанын, рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданғанын айтқан еді. 

Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады. 

"Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген. Іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының орынбасар Руслан Чарапиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу