Талдықорғанда жексенбі күні кешке полицейлер дабыл бойынша шақырылды.
Осыдан кейін оқиға орнына патрульдік көліктер мен жедел жәрдем келді. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады. Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді", делінген Жетісу ПД таратқан хабарламада.