Талдықорғанда ер адам танысының қолынан ажал құшты

113

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады.  

Талдықорғанда ер адам танысының қолынан ажал құшты Фото: unsplash.com

Талдықорған қаласының орталық көшесінде ер адам танысының қолынан ажал құшты. Қайғылы оқиға 30 наурыз күні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, 30 наурыз күні кешке таныс адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Біреуі екіншісіне пышақ сұғып, ер адам алған жарақаттан көз жұмды", – делінген ресми хабарламада.

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай ол жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу