Талдықорғанда есірткі қойып кетуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

301

Синтетикалық есірткі сатты деп айыпталған 22 жастағы бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты.

Талдықорғанда есірткі қойып кетуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: polisia.kz

Талдықорғанда есірткі қойып кетуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімімен айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бойжеткен қыз осы жылдың ақпан айында Талдықорғандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталған. Санкцияланған тінту кезінде полицейлер пәтерден 2 келіден астам синтетика (мефедрон және РVP), сондай-ақ бірнеше грамм гашиш тапты. Ұсталған қыз облыс орталығының аумағында синтетикалық есірткі заттарды сақтау, буып-түю және жасырын тығумен айналысқаны белгілі болды. Есірткіні тыққан жерлерінің бірін жас қыз өзі көрсеткен, онда 40 пакет мефедрон және “жылдамдық” деп аталатын есірткі заттары болды. Сондай-ақ оның тұрғылықты жерінен бірнеше электронды таразылар, бояғыш түтіктер, магниттер, изолента және синтетикалық есірткілерді буып-туюге арналған басқа да құрылғылар табылды. Сонымен қатар 2 келі 308 грамм мефедрон және PVP-пирролидиновалерофенон табылып, тәркіленді.

"Бойжеткен қыз Кербұлақ ауданындағы шалғай ауылдың тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, анықталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Жетісу облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3, 5-тармақтарына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес жүргізілді. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі бойынша ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтейтін болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу