Әлеуметтік желіде белгісіз біреу оған психотроптық заттарды жасырын қойып кетуші болуды ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қылмыс салдары ауыр екенін біле тұра, жасөспірім заңсыз табысқа келісіп Telegram арна әкімшісінің пәрменімен әрекет еткен.
Арнайы нұсқау бойынша Талдықорғанда 100 орам мефедрон алып, олардың 5-уін қала көшелеріне жасырып үлгерген. Полиция қызметкерлері оның әрекетін дер кезінде тоқтатып, іс сотқа жолданды.
Сот шешімімен оған кәмелетке толмағандарға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу