Талдықорғанда газ баллон жарылысынан жарақат алғандардың тағы бірі көз жұмды

588

1951 және  1970 жылдары туған науқастардың жағдайы жақсарып келеді. 

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан жарақат алғандардың тағы бірі көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 48 жастағы келіншек ауруханада қайтыс болды. Оның денесінің 80%-ын күйік шалған болатын. Бұл туралы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Бүгін таң ертең денесінің 80%-ын күйік шалған 1972 жылы туған науқастың жағдай күрт нашарлады. Бір сағат бойы жасалған жансақтау шаралары нәтиже бермеді. Жүрегі соқпады. Сағат 9:15-те науқас қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар хабарламада Талдықорған қалалық ауруханасында жатқан 1951 және  1970 жылдары туған науқастардың жағдайы жақсарып, жарақат бөліміне ауыстырылғаны жазылған. 

Ал бұл ретте өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы облыстық аурухана жатқан бір науқастық жағдайы қанағаттандырарлық екенін хабарлады. 

"Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жамбасына ота жасалады.   Ал балалар ауруханасындағы екі науқастың жағдайы орташа ауырлы дәрежесінде. Балалар хирургия бөлімінде ем қабылдауда", - деп жазылған хабарламада. 
Еске сала кетсек, 26 қараша Талдықорғандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 5-литрлік газ балон жарылып, үй опырылып қалған.  Жарылыс салдырынан 8 адам зардап шекті, оның 3-і бала. 

30 қараша күні денесінің 98%-ын күйік шалған 14 жасар бала ауруханада қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу