Талдықорғанда қаршадай бала бесінші қабаттағы үйдің терезесіне шығып алған

281

Бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған.

Талдықорғанда қаршадай бала бесінші қабаттағы үйдің терезесіне шығып алған Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде кішкентай бала бесінші қабаттағы үйдің терезесіне шығып алған видеосы тарады. Бейнежазбада зәресі ұшқан жұрт баланы құтқару үшін бәйек болып жүргенін аңғаруға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Үлкендердің қарауынсыз қалған бала терезенің алдында жарты сағаттай тұрды. Қаумалаған жұрттың ішінде баланың әкесі де бар екен. Біреулер матрацты терезенің астыңғы жағына туралап төседі.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кезекші бөлімге біреу қоңырау шалып, үйде ересектердің қарауынсыз екі кішкентай бала қалып қойғанын және олардың бірі терезеден құлап кетуі мүмкін екенін айтқан.

"Құтқарушылар келген кезде есікті үй иесі ашты. Мамандар терезе алдындағы баланы аман-есеп түсіріп алды, ал екінші бүлдіршін үйдің ішінде болды. Зардап шеккен ешкім жоқ", – деді департамент өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу