Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алған оқушылар марапатталды

531

Мектеп оқушылары қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жұмысы тоқтап тұрған зауыттың маңынан тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алған оқушылар марапатталды Фото: polisia.kz

11 жастағы Мейір Мұхтарұлы мен 9 жастағы Валентин Артеменко зауыт маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тауып алады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 ПМ (Макаров тапаншасы) және 30-дан астам патрон тәркіледі.

Қарудың жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді. Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарына алғыстарын білдірді.

Облыс полицейлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Бұл ретте адамды қамауға алу кезінде, сонымен қатар оларға анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған қару "өз еркімен тапсыру" деп танылмайтынын ескеретеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу