Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады

1017

Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады

Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы 20 теңгеге қымбаттады. Бұрын 60 теңге еді. Жаңа жылдан бастап, 80 теңге болды, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы облысының орталығында жолаушы тасымалымен айналысатын 7 компания бар. Олар 29 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Жолақы жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты өсіп отыр. Дегенмен, 1-ші және 2-топтағы мүгедектер мен ардагерлерге, студенттер мен мектеп оқушыларына жасалатын жеңілдіктер күшін жоймайды. Жауаптылар осылай дейді.

"2015 жылы білсеңіздер 1 литр бензиннің құны 80 теңге болса, қазіргі кезде 160 теңге болды. Екінші себеп қосалқы бөлшектер, аккумулятор болсын, резиналар болсын, нарыққа байланысты 40-50 пайызға көтерілу себебі бойынша осындай шешімге келдік",- дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Қуат Қаниет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу