Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

962

Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттап, 60 теңгеден 80 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды khabar.kz.

Осындай ұсынысты қолдап, қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда дауыс берген. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жолақының қымбаттауына жанармай мен қосалқы бөлшек бағасының өскені себеп болған.

Қоғамдық көліктегі жол жүру құны Талдықорғанда бұдан екі жыл бұрын 50 теңгеден 60 теңгеге көтерілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу