Талдықорғанда қонақүйдегі өрттен кейін адам мәйіті табылды

221

24 мамырға қараған түні Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде адам өлтіру дерегі тіркелді. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, табылған қонақ үй әкімшісінің денесіне 12 рет пышақ сұғылған болып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талдықорғанда қонақүйдегі өрттен кейін адам мәйіті табылды Фото: newtimes

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ізін суытпай 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбай отыр.

Өрт қонақ үйдің бірінші қабатында сағат 04:14-те болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт қабылдау аймағынан басталып, 20 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылар 35 адамды, соның ішінде бір баланы эвакуациялады. Өрт 04:29-да сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу