Талдықорғанда көшеде оқ атқан күдікті ұсталды

774

Тамыздың 10-нан 11-не қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық кешенің маңында оқ атылып, болған жағдайды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған.

Талдықорғанда көшеде оқ атқан күдікті ұсталды

Талдықорғандағы "Статус" ойын-сауық кешенінің маңында оқ атқан күдікі ұсталып, одан травматикалық тапанша тәркіленді. Бұл жөнінде әкімдікте өткен аппаратық жиын  барысында  мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының  әкімі Амандық Баталов құзырлы орган өкілдерінен Талдықорғанда  оқ атылған жағдай жайлы сұрады. Тәртіп сақшылары өз жауабында күдіктінің ұсталғанын және травмаикалық тапаншаның тәркіленгенің жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел  тапаншадан оқ аспанға қарай атылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 10-нан 11-не қараған түні Талдықорғандағы ойын-сауық кешенің маңында оқ атылып, болған жағдайды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Артынша  бейнежазба әлеуметтік желі арқылы таралып, халықтың наразалығын тудырды. Бейнежазбаға түсіріп тұрған тұрғын  "Статус" ойын-сауық кешенінің маңында тұратын жандарға демалыс күндері тыныш ұйқы жоқ екенін айтады. Сонымен бірге, видеода  оқтың бірнеше рет атылған дауысы және бірнеше адамдардың бір-бірімен айқайласып жатқандығы естіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу