Талдықорғанда коттедж қалашығы салынады

753

Биылғы жылы 345 үй пайдалануға беріледі. 

Талдықорғанда коттедж қалашығы салынады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі тұрғын үй құрылысына тоқталды. Оның сөзінше, қазіргі кезде Талдықорғанда 670 үйден тұратын коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр. 

"Облыс орталығы Талдықорғанда 670 үйлік коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр. 2018-2019 жылдары 203 коттедж қолданысқа берілді, биылғы жылы тағы 345-ін береміз, қалғаны 2021 жылы беріледі. Мұнда 445 көпбалалы отбасы тұратын болады, сондықтан бұл жаңа шағын ауданда мектеп құрылысы басталды. Балабақша, балалар алаңдарын, футбол алаңдарын салып, барлық аумағын абаттандыратын боламыз", –  деді облыс басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу