Талдықорғанда құны 1 млрд теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу конкурстарының күші жойылды

330

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатқан.

Талдықорғанда құны 1 млрд теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу конкурстарының күші жойылды Фото: inbusiness.kz

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған.

Прокуратура шараларымен заң бұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу