Талдықорған қаласының прокуратурасы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР заңы талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Талдау барысында тиісті рұқсат алмай, жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын заңсыз тарту фактілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сомасы 3,2 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады. Бұл шаралар заңдылықты қалпына келтіруге және халықтың тұрғын үй нарығына деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға шақырады: қаражатты тек заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес келетін нысандарға ғана салу қажет.