14 мамырда Талдықорған қаласының Полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адам ұрып кеткенін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді соққыға алған Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт қатты мас күйде болғаны анықталды. Сондықтан ол жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу