Талдықорғанда полиция қызметкерлері таңертең алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Жыл басынан бері Жетісу облысында мас күйде көлік басқарудың 358 дерегі анықталған. Құқық бұзушылар көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынған.
Облыстық полиция департаменті мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу