Талдықорғанда алкогольдік масаң күйде өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған 47 жастағы жергілікті тұрғын анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, ер адамның жеке басын анықтады.
Ол медициналық айықтырғышқа жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзбауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу