Түнгі уақытта Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері құжаттарын тексеру үшін Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатуға әрекет жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері көлікті қысқа уақыт ішінде тоқтатты. Тексеру барысында рөлде 55 жастағы жергілікті тұрғын отырғаны анықталды. Медициналық куәландыру оның көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғанын растады.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, іс сотқа жолданды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Жетісу облысында жыл басынан бері мас күйде көлік басқарудың 280 дерегі анықталған. Полиция мұндай құқық бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі екенін еске салды.