11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туылған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған.
Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.