Талдықорғанда өзен жағасынан қару-жарақ салынған қап табылды

407

Тергеу амалдары басталды.

Талдықорғанда өзен жағасынан қару-жарақ салынған қап табылды

Қару-жарақ сақталған жасырын орын облыстық Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында анықталды. Кенеп қапта 2022 жылы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар болды.

"5,6 мм калибрлі Марголин тапаншасы, сыңар ауызды шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 60 патрон, оқ өтпейтін кеудеше және рация тәркіленді. Бұл қару-жарақ пен арнайы құралдар ұрланған деп саналады", – деді Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болат Болысбеков.

Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу