Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кеткен

103

Барлығы 5 адам құтқарылды. 

Талдықорғанда өзеннен өтпек болған көліктер мұз астына түсіп кеткен Фото: видео скриншот

Оқыс оқиға Жетісу облысы Талдықорған қаласынан 5 км қашықтықта Балықты өзенінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде 2 жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.

"ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады",  делінген хабарламада.

ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу