Облыс әкімдігі білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.
"Олар қыздардың оқитын оқу орындарының тәрбие жұмысына тексеру жүргізеді. Жәбірленген қызға барлық қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бұдан басқа, күш қолданған қыздарды одан әрі оқыту мәселесі қаралатын болады", – деді Жетісу аудандық білім басқармасы басшысының орынбасары, Башаров А.Қ.
Айта кетейік, бұл оқиға Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде сабақтан тыс уақытта болған. Оның бейне жазбасы әлеуметтік желіде таралды. Кадрларда бірнеше жасөспірімнің аяусызда оқушы қызды ұрып жатқаны байқалады.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша әкімшілік іс қозғалды.