Анықталғанындай сотталушы 2018 жылдың жазында Qnet халықаралық компаниясының сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкіл куәлігін алған.
2019 жылдың қазан айында Талдықорған қаласында Qnet компаниясына жаңа қатысушылардың 690 000 теңгеден 860 000 теңгеге дейін жарна салуы керек болатын қаржылық пирамидаға азаматтарды заңсыз түрде тартқан. Сондай-ақ Qnet серіктестігінің әрбір мүшесіне апта сайын 200 АҚШ доллары көлемінде төлем жасап тұруға уәде берген.
Нәтижесінде, 76 азамат қаржы пирамидасына тіркеліп, жәбірленушілерге 61 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады.
Асырауында кәмелетке толмаған екі баланың болуын, алғаш рет қылмыс жасауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот оны кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.